Түркістан облысында ірі қылмыстық топ қолға түсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.  

қылмыстық топ

«Түркістан облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Сарыағаш қаласындағы “Қапланбек” шекара маңындағы өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы ТМД жүк тасымалының жүргізушілерінен 15000-нан 50000 теңгеге дейін ақша бопсалаған “Сарыағаш” қылмыстық тобын құрықтады», — делінген ресми хабарлмада.

Өзбекстан Республикасына жол жүрген азаматтар ақша беруден бас тартқан жағдайда  ҰҚТ қызметкерлері қорқытып, жәбірленушілерді ұрып-соғып, алдыңғы әйнектерін сындырып, жүк автокөліктерінің дөңгелектерін тесіп кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктілерді тұрғылықты жері бойынша ұстады. Барлығы 13 күдікті анықталды. Ұсталғандардық бәрі-Түркістан облысының тұрғындары.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы “Қорқытып алу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақ ретінде қару, пышақ және ақша тәркіленді. Полиция қызметкерлері қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.
 

stan.kz