Түркістан облысында газдан уланып, төрт адам қайтыс болды
Түркістан облысы Төле би ауданындағы елді мекенде көпқабатты тұрғын үйде газдан уланып, төрт адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға бүгін, 1 наурызда Леңгірдегі №1 ықшам ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің бірінде орын алған.
Төтенше жағдай салдарынан бірінші пәтерден бір адам, екіншісінен отбасының 3 мүшесі қаза тапты.
Қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтау үшін төтенже жағдайлар комитеті жұмыс істеуде.
Алдын-ала болжам бойынша, тұрғындар төменгі қабатта орнатылған газ қондырғысынан уланған.