Түркістан облысында ер азамат дәрігердің жағасын алып, өлтіремін деп қорқытқан (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында Мақтаарал ауданында медицина қызметкерін өлтерімін деп қорқытқан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ер адам

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адам медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын.

Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не “қорқыту” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оған қоса құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған “ұсақ бұзақылық” жасағаны үшін хаттама толтырылды.

(Видеода балағат сөздер кездеседі)

Аудандық соттың қаулысымен азамат бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 

stan.kz