Түркістан облысында ер адам жантүршігерлік қылмысқа барды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сарыағаш ауданында жұмбақ жағдайда зейнеткер жоғалып кеткен. Бірнеше айдан соң полиция күдіктіні қолға түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны зейнеткер әйелді өлімші етіп сабап, оны жерге көміп тастаған, деп хабарлайды өңірдің облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Үш ай іздеді

Сарығаш аудандық полиция бөліміне Қазығұрт ауданының тұрғыны арыз жазған. Әйел осы жылдың маусым айында жұмбақ жағдайда анасының жоғалып кеткенін айтыпты. Ол Сарыағаш ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұрған.

Бұл факт аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексеру реестіре тіркелген. Істі тергеуге тәжірибелі полицейлер, криминалистер мен учаскелік инспекторлар жұмылдырылған. 

«Арыз түскен кезден бастап, тәртіп сақшыларды егде жастағы әйелді іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Ақпарат мұқият тексерілді. Сондай-ақ, зейнеткерді біреу өлтіріп кетуі мүмкін деген де күдікті де полиция назардан тыс қалдырған жоқ. Із-түссіз жоғалып кеткен әйелдің ісі облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында болды», — дейді ведомство қызметкерлері.

Бірнеше ай өткен соң, Сарыағаш аудандық полиция бөлімі ҚР қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары жоғалған зейнеткерді табу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуді тоқтатпаған.

Көршісі күдікке ілінді

«Күдікке Қазығұрт ауданының тұрғыны ілікті. Ол Сарыағаш ауданында жәбірленушіге жақын маңда үй жалдап тұрған. Күдіктінің айтуынша, онымен зейнеткердің арасында қарыз үшін жанжал туындапты. Зейнеткер күдіктіден қарызын қайтаруды талап еткен. Ал ер адам оны өлімші етіп сабап, денесін үйінің ауласына көміп тастаған», — делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Еденде жатқан әйелі мен ауылдасын көрген ер адам сұмдық қылмыс жасады

Тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған әйелдің денесін күдікті айтқан жерден тауып, сараптамаға жіберді.

Күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшылары қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.



sputniknews.kz