Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиға 2022 жылдың 30 сәуірінде сағат 19.47-де болғанын хабарлады.
Кентау қаласы, Хантағы ауылында кәмелетке толмаған бала 500 миллиметрлік суару құбырына құлап кеткен.
«Үлкендердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған баланың құбырға құлап, 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталды», – деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Талғат Уәли.
Құтқару операциясына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен үш құтқарушы мен бір техника жұмылдырылды.
Құтқарушылар баланы құбырдан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Белгілі болғандай, баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің бақылауында. Осы ретте Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.
Қаралым саны: 121