Түркістан облысында дәрігерлер 10 минут су астында қалған баланы құтқарып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында 4 жасар қыз бала дәрігерлердің арқасында өмірге қайта оралды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында дәрігерлер 10 минут су астында қалған баланы құтқарып қалды

Бүлдіршін өзге балалармен бірге ойнап жүріп, үлкен арыққа құлап кетеді. Басқа балалар бұл жайлы ата-анасына келіп айтады. 

Қыздың әкесі жүгіріп келіп, қызын судан шығарып алған. Бұл кезде қыз баланың суға тұншыққаны байқалған. Демі тоқтаған. Әкесінің айтуынша, қыз бала су астында 10 минуттай болған. 

Дәрігерлер оқиға орнына келіп, алғашқы көмек көрсетті. Қыздың өкпесінен суды басып шығарды. Жүрегіне массаж жасап, жасанды дем берді. Осыдан соң бүлдішін тыныс алып, есін жинады. 

«Қыз балаға «гипотермия» диагнозын қойып, емханаға жатқызды. Екі күннен соң балалар бөліміне ауыстырды. Бүлдіршін әлі де ем қабылдап жатыр», — деді облыстық денсаулық басқармасы.

stan.kz