Түркістан облысында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанның оңтүстігінде болған су тасқыны салдарынан 250 бас қара мал қырылды. Ветеринарлар мен әскерилер аумақта тексеруді жалғастырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Түркістан облысында суға бата жаздаған бұзауды құтқару сәті желіде тарады.
Полицейлер мен Ұлттық ұлан әскерилері Мақтаарал ауданында малды құтқару үшін аумақты тексеруді жалғастырып жатыр.
Желіде суға бата жаздаған бұзауды құтқару кезі видеоға түсіп қалды.
Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарын 250 бас мал қырылды.
Түркістан облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Мақтаарал ауданында Жаңа Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фердоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) елді мекендерін су басты.
Барлығы 620 үй зардап шеккені хабарланып отыр. 22 эвакуациялау бекеті дайындалды, жеті мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Табиғи апат салдарынан зардар шеккендерге 120 медицина қызметкері көмек көрсетеді.
Алдын ала ақпарат бойынша шығын 181,1 миллион теңге шамасында. Ауданда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Еске сала кетсек, 1 мамыр таңғы сағат 05:10-да Сардоба су қоймасы бөгетінің төменгі бөлігі шайылып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба ауданының аумағында су жайылған.
Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/regions/20200503/13870833/su-Turkistan-oblysy.html
sputniknews.kz