Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді

0

Қақаған аязымен қалтыратуы тиіс қаңтар айы биыл біртүрлі мінез танытып тұр.

Әлеуметтік желі қолданушылары қаңтар айында бүрін жарған бәйшешектің суретін бір-бірімен бөлісуде. Күнгейліктер үшін бұл таң емес деп жазады Отырар.кз.

Қақаған аязымен қалтыратуы тиіс қаңтар айы биыл біртүрлі мінез танытып тұр. Ауа температурасы +14 градусқа дейін көтерілді. Сол себептен де көктемнің жаршысы бәйшешек жаңа мезгіл туды деп ойласа керек.

Биыл расында күнгейдің ауа райы сан құбылып тұр. Қаңтарда көктемдегідей төпеп жаңбыр жауып, селдетті. Жаңа жылдың алдында ғана бір рет қар жауып жұртшылылықты қуантып қойып еді. Шымкенттің әкімі айтқандай «жаңа жыл қарсаңында қар жауса бұл шымкенттіктер үшін сенсация». Расында солай.

Жердің бетін аз-маз жапқан қар ертесіне-ақ еріп кетті. Ауа райын болжаушылар әлі біраз уақытқа дейін күн жылы болады деп отыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/