Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

0

Оңтүстік өңірлерде көктемнің нышаны біліне бастады. 

Алғашқы гүлдер табиғаты ерекше қорғауға алынған ұлттық парктердің аумағында байқалған, деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

Сондай-ақ, қала мен ауыл аймақтардағы аллеяларда өсіп шыққан. Табиғат қорғаушылар бұл құбылысты күн райының жылынуынан болған қалыпты жағдайға балап отыр.

«Қазір Оңтүстік өңірлердің барлық аумағында бәйгешек гүлдеп жатыр. Бұл көктемнің алғашқы белгісі деп білеміз. Биыл күн райы жылы болғандықтан қаңтар айында бәйшешек бүр жарған болатын. Енді жақын арада қызғалдақтар ашыла бастайды. Бәйшешек суыққа бейімделген гүл. Қар жауып, күн суытып жатса, үсіп қалмайды. Тіршілігін жалғастыра береді», — деді «Сырдария-Түркістан» МӨТП-нің ғылыми қызметкері Ғани Назарбек.