Түркістан облысында әріптестерін өлтірген инкасатор кредиттерін жаппақ болған   

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Түркістандықтардың жағасын ұстатқан оқиға осы жылдың 7 маусымында болған

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым — Sputnik. Түркістан облысында әріптестерін өлтірді деген күдікке ілінген азамат екі айға қамауға алынды.

Арыс аудандық соты қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті 38 жаста, 5 баласы бар. Ол 2007 жылдан бері оққа ұшқан инкасаторлармен бірге Арыс қаласындағы «Қазпочта» бөлімінде жұмыс істеген, деп хабарлады otyrar.kz порталы.

Күдікті қылмысқа 2 банктен алған кредиті мен басқа да қарыздарын жабу үшін барғанын айтқан.

Қанды оқиға қашан және қалай болды

7 маусымда Арыс аудандық полиция бөліміне пошта бөлімшесінен қызметтік көлікпен шыққан екі инкассатордың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Көлікте ауыл тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын төлеуге арналған қаржы болған.

Полицейлер іздеу жұмыстары барысында Арыс қаласынан 3 шақырым жерден жоғалған қызметтік көлікті тапты. Тексеру барысында көліктен қан іздері анықталған. Осыдан соң тәртіп сақшылары инкассаторлар қасақана өлтірілді деген қорытынды жасаған. Ал 8 маусымда Арыстан 35 шақырым жерден бастарына оқ тиген инкассаторлардың денесі табылды.

Қылмыс жасалған күні ол әріптестерінен діттеген жеріне жеткізіп салуды сұраған. Көліктің ішіне отырған соң екі инкассаторды атып тастайды да, 7,5 миллион теңгені алып, қылмыс орнынан ізін суытады. 

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында әріптестерін өлтірген инкассатордың танысы қамауға алынды 

Полицейлер күдікті ретінде 1981 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады. Кейінірек оның танысы қамауға алынды. Ол  инкассатордың адамдарды өлтіргенін және айғақ заттардың өз қорасында тығулы жатқанын полицияға айтпай, жасырып, жаппақ болған. Осы әрекеті үшін енді ол да заң алдында жауап береді.



sputniknews.kz