Түркістан облысында 5 жасар бала коронавирус жұқтырып алды – Қазақстан жаңалықтары

0
10

Түркістан облысында бүгін коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытқа дейін өңірде 25 адамнан коронавирус індеті анықталды, Жетісай ауданында – 13, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы – 2, Ордабасы -1, Сарыағаш – 1, Мақтаарал – 4, Сайрам ауданында – 2 адам.

Соңғы 2 жағдай бойыншағ науқастың бірі – 2015 жылғы сәби Арыс қаласы, Наурыз ауылының тұрғыны. Ол вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында пойызбен келген әйелмен жақын байланыста болған.

1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг жасау барысында анықталған.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдап жатыр.

Науқастамен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 550-ге жеткені хабарланды.

stan.kz