Түркістан облысында 238 қоғамдық көлік жаңартылды
2019 жылы өңірдегі жеті аудан әкімдігі 17 әлеуметтік маңызды бағыттарға 55,2 миллион теңге субсидия бөлген
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында өткен жылы 238 қоғамдық көлік жаңартылған. Оның алпыс алтысы – 2018-2019 жылдары шыққан жаңа автобустар.
«Сондай-ақ, өткен жылы облыс орталығы – Түркістан қаласында 26 жаңа автобус сатып алынды. Ал, жалпы алғанда облысымызда жолаушылар тасымалдаушы 44 мекеме мен 1300 көлік қызмет көрсетеді», — деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асуда. Айталық, 2019 жылы 7 аудан әкімдігі тарапынан (Сарыағаш, Түлкібас, Отырар, Кентау, Төлеби, Қазығұрт, Шардара) 17 әлеуметтік маңызды бағыттарға 55,2 миллион теңге субсидия бөлінген.
Оқи отырыңыз: Түркістанда жолақы қымбаттауы мүмкін
Сонымен қатар, облыста 83 әлеуметтік маңызды бағыттар анықталып, облыстық мәслихатпен айқындалып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы ауданаралық, облысаралық бағыттарға 3 конкурс өткізіліп, 8 тасымалдаушымен 18 бағытқа келісімшарттар түзілген.
sputniknews.kz