Түркістан облысында 22 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті – новости Казахстана

0

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Алпамыс батыр ауылдық округінің 22 жастағы тұрғыны Мусаева Ұлжалғас 17 қараша күні құрбысымен үйінен шығып кеткен. Содан бері жақындары бойжеткеннен еш хабар ала алмай отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Жеке мұрағаттан

Фото: Жеке мұрағаттан

1996 жылы 22 қаңтарда туған Ұлжалғас Қаппарқызының қай бағытқа бет алғаны белгісіз.

Бойжеткеннің үстінде ұзын сұр түсті күрте мен қара шалбар, аяғында қара етік болған. Оның бойы шамамен 165 сантиметр болса, дене бітімі сәл толықтау келген екен.

Ұлжалғастың ағасының айтуынша, жоғалған қыз туралы балгерлер де түрлі ақпарат берген. Олардың бірі бойжеткенді белгісіз біреулер адам саудасы үшін ұстап отыр десе, екіншілері оның құрбысымен Шымкентке бет алғанын, ал үшіншілері, тіпті, Алматыға кетіп қалғанын айтқан.

Фото: Жеке мұрағаттан

Фото: Жеке мұрағаттан

Егер Ұлжалғас Мусаеваны көрген-білген адамдар болса, ағасы Убайдуллаға 8707 460 07 06 және 8775 680 88 78 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.