Түркістан облысынан жүзден астам білім қызметкері бюджеттен миллиардтаған теңге ұрлаған

0

Түркістан облысының прокуратурасы бюджеттен ұрлық фактілері бойынша жеті тергеуді аяқтады. Бұл істер бойынша білім беру саласының 123 қызметкері қатысушы ретінде өтуде.

Ведомствоның мәліметінше, бес қылмыстық іс бойынша процеске қатысушылар қазір материалдармен танысады. Сауран және Созақ аудандарының білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты тағы екі іс сотқа жолданды.

«Күдіктілерден мемлекет кірісіне бір жарым миллиард теңге өндіріп алынып, Қылмыстық жолмен алынғанақша 2,9 млрд теңге соманы құрайды», — деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов