Түркістан облысына 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді — Байбек — Қазақстан жаңалықтары

0

Су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының тұрғындарына 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Елбасының атынан, мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған әлеуметтік қолдау шараларға байланысты, «Нұр Отан» партиясы мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді, оның ішінде тамақ, жеке гигиена құралдары, киім, төсек-орын және тағы басқалар», — деп жазды Байбек өзінің Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, еріктілер мен жергілікті «Жас Отан» ұйымының белсенділері тұрғындарға көмек таратуда.

 

«Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Нұр Отан» партиясы және «Біргеміз» қоры қазақстандықтардв қолдауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда 150 мыңнан астам отбасы тамақ өнімдері мен антисептикалық заттар алды, тағы 100 мың адам тегін маскалармен қамтамасыз етілді, 360 мың отбасы 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлемдермен қамтылды. Отбасы мүшелерін ескерсек, бұл шамамен 1 миллион қазақстандық», — деп бөлісті Байбек.



stan.kz