Түркістан мен Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюповқа үкім шығарылды

0

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты үкім шығарды.

Сот шешімімен оған орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Рашид Аюпов «алаяқтық» қылмыстық кодексінің 177-бабы 4-бөлігінің б-тармағында көзделген, сондай-ақ 28 «қылмысқа қатысу», 312 «пара беру» баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот сонымен қатар Аюповты жеті жыл бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айыруға шешім қабылдады.

«Аюповтан мемлекет кірісіне сыбайлас жемқорлық қылмыстарының нәтижесінде алынған 422,8 миллион теңге өндірілсін», — деді судья Мекемтас Қажымұқан.

Фото: gov.kz