Түркістан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып 21 жастағы шенеунік тағайындалды – Қазақстан жаңалықтары

0
7

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне 21 жастағы Алдаберген Асыл Берікұлы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

шенеунік

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Асыл Алдаберген 1998 жылы Түркістан қаласында туған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Turkistan Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің менеджері және басшысы болған.

2019 жылдың тамыз айынан бастап 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының көмекшісі қызметін атқарған.

stan.kz