Түркістан әкімі мүгедектер арбасына отырды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Түркістан облысы әкімінің орынбасары мен Түркістан қаласының әкімі мүгедектер арбасына отырып, қаладағы пандустарды тексерді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен шаһар басшысы Рашид Аюпов тротуарлардың сапасын білу үшін және қаладағы пандустардың ыңғайлылығын тексеру үшін қаланы қоларбамен аралап өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Бір топ шенеунік «Сенім жүрек» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жетекшілерімен бірге өткен шарада Түркістан қаласындағы қоғамдық орындар мен орталықтарды аралады. Қоғамдық көлікке де мініп көрді», – делінген ақпаратта.

Аталған бірлестік қамкөңіл жандардың қоғамда тең мүмкіндікте өмір сүруіне жол бастайтын «Қолжетімді Қазақстан» жобасын ұсынған болатын.

Жобаны қолдап, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын түсіну үшін қоларбаға отырған билік басшылары қолайсыз пандустарды ауыстыруды тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан әкімі мүгедектер арбасына отырды

Олар мүгедек жандардың кез келген қоғамдық орынға баруына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасады тапсырды.

Бұған қоса, жаңадан салынып жатқан ғимараттарда пандус орнатып, оның биіктігін тиісті талапқа сай келтіруді міндеттеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз