Түркіменстандағы мектептер президент суретін ауыстырып жатыр
Түркіменстандағы мектептер мен мемлекеттік мекемелер ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің портреттерін жаппай ауыстырып жатыр. Жаңа портрет үшін әр мұғалімнен 5 манаттан (шамамен 0,25 доллар) жинаған. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.
Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшісі президент портреті ашық сатылып жатқанын, үлкені 5 манат, кіші суреті 3 манат тұратынын айтқан. Ал ескі портреттерінің құны — 4 манат.
Президенттің суреттері елдегі барлық мемлекеттік мекемелерде ілінген. Бердімұхамедовтің портретін мектеп, аурухана, министрлік ғимараттары, спорт кешендері, аэропорттар, ұшақ салонындары да ілуі міндет.
Азаттықтың Түркімен қызметі бұған дейін президенттің портретіне зақым келтіргендерге жаза қарастырылғанын хабарлаған.
Дереккөз: Азаттық