Түркіменстанда қызылмия тамырынан жасалған шәрбатты өзімен алып жүру міндеттелді

0
88

Түркіменстанның Лебап облысының шенеуніктеріне, бюджет қызметкерлеріне және мектеп оқушыларына қызылмиядан жасалған шәрбатты өзімен алып жүруге міндеттеген. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

Тілшінің хабарлауынша, Фарап ауданында бюджет қызметкерлеріне мұндай дәрісіз жұмысқа жіберілмейтінін ескерткен.

Дәл осындай талап оқушыларға да қойылған. 18 қаңтардан жаңа тоқсан басталғаннан кейін оқушылар өзімен бірге қызылмия тамырының шәрбаты, антисептик, бес маска, оксолин майын және медициналық қолғап алып жүруі тиіс. Егер жоқ болса, ата-аналарына айыппұл төленеді.

Былтыр желтоқсан айының соңында ел президенті Гурбангулы Бердымухамедов қызылмия тамырының пайдасы жөнінде айтқан. Ол бұдан жасалған шәрбат коронавирусқа қарсы күресте тиімді деген.

«Қызылмия тамырын медицинада және халықтық медицинада ішкі ағзаларды, бүйректі, тыныс алу жүйелерін емдеу үшін бұрыннан пайдаланады», – деген президент.

Бердымухамедов қызылмияның 15 түрі Түркіменстанда өсетінін айтқан.

Түркіменстанда коронавирус белгілерімен ауырып жатқан науқастар артып, өлім саны күрт көбейгеніне қарамастан, ел билігі COVID-19 вирусын жұқтырғандар анықталмады деп келеді.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету