Түркіменстанда азық қымбаттады, дүкендерде сәбіз бен жұмыртқа тапшы

0

Азаттық радиосы Түркімен қызметінің хабарлауынша, Ашғабадта азық-түлік бағасы тағы көтерілген. Ал мемлекеттік дүкендерде жұмыртқа мен сәбіз тапшы.

Азаттық радиосы Түркімен қызметінің тілшісі сәбіз бен жұмыртұа тек коммерциялық дүкендерде сатылып жатыр. Сәбіздің келісі – 6,6 манат (1,8 доллар), ал жұмыртқаның бір данасы – 0,8 манат.

Түркіменстанның мемлекеттік дүкендерінде негізгі азық-түліктер белгіленген бағамен сатылады, ал базарлар мен коммерциялық дүкендерде олар бірнеше есе қымбат тұрады.

Тілшінің хабарлауынша, мемлекеттік дүкендерде тауық етін табу қиындап кетті, ал базарда оның бағасы 20 пайызға қымбаттаған.

Оқи отырыңыз: Орталық Азиядағы жабық елдің сән-салтанаты мен жұпыны тірлігі

Түркіменстан — әлемдегі жабық елдердің бірі. Соңғы жылдары елде ұлттық валюта манат құнсызданып, Түркіменстанда азық-түлік тапшылығы басталған. Халықаралық ұйымдар бұл елде адам құқығы жиі бұзылатынын сынайды. Елді 2006 жылдан бері Гурбангулы Бердімұхамедов басқарады.

Azattyq