Түркіменстан жаңа әлеуметтік желіні іске қосты

0

Түркіменстан мемлекеті «Біз барде» (Біз осындамыз) атты жеке әлеуметтік желісін қолданысқа енгізді. Желінің негізін қалаушылар жаңа жобаның атауын қысқартып «Би-Би» деп атауды да ұсынды.

Қазіргі таңда жаңа «Би-Би» әлеуметтік желісін Android бағдарламасы арқылы 5 мың адам жүктеген.  Әлеуметтік желіні ойлап тапқандар, мұның өзге аналогтарынан кем түспейтіндігін алға тартып отыр.

13 жастан жоғары азаматтарға арналған бағдарламада, әрбір желі қолданушысы өзінің жеке парақшасынан жарияланған қандай да бір ақпараттарға жауап береді. Сондықтан, ешкімді балағаттамай, тыныштығын бұзбай және қысым әрекеттерге бармау туралы ескертпе көрсетілген. Тіпті, әкімшілік жеке парақшалардан қандай да бір жағымсыз ақпаратты аңғарса, кез келген уақытта бұғаттай алады.

Естеріңізге сала кетейік, әлемде танымал болған Facebook, Twitter, Instagram, Одноклассники, және ВКонтакте әлеуметті желілері Түркіменстан елінде толықтай бұғатталған. Бір кездері Однакласники желісін тұрғындар біршама уақыт пайдаланған. Алайда, билікке қарсы ақпараттар көптеп жариялана бастағанын байқаған әкімшілік тез арада бұғаттап үлгерді. Сонымен қатар, оппозициялық пікірлер жазған азаматтарды арнайы қызметкерлер жеке-жеке тілдесуге шақырған. Егер арнайы қызмет мамандары Түркіменстан билігі немесе мемлекеті туралы қандай да бір сыни ақпаратқа лүпіл немесе пікір жазған азаматтарды байқаса, онда тұрғындарға өте жағымсыз әсер ететіндігі рас.

«The Qazaq Times»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз