Түркіменстан билігі ресейлік сайттарды бұғаттап тастады

0

Ең соңғы болып ресейлік телеарналар мен сайттар бұғатталды. Бұған дейін Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстанның басылымдарына қолжетімділік жабылған болатын, деп жазады kznews.kz сайты orda.kz-ке сілтеме жасап. 

— Ресейдегі барлық жаңалықтар сайттары: ИноСМИ, РИА Новости, РБК, ТАСС, қандай да бір жаңалықтар бар телекомпаниялардың сайттарына тыйым салынды. Бұл кіруге болатын соңғы шетелдік жаңалықтар сайттары еді, енді  олар да жабылды. Сайтқа да, мобильді қосымшалар арқылы да кіруге тыйым салынған. Әзірбайжан сайттары да ашылмаған. Бұрын да басқа жаңалықтарға рұқсат  болмағанын ескерсек, ендігі жерде  барлық ақпарат ағынын бітелді. Қазақстан мен Қырғызстан жаңалықтарына бұдан да ертерек тосқауыл қойылған болатын, – деп хабарлайды Азаттық радиосының сол елдегі тілшісі.

Сонымен қатар елдегі  шетелдік банктердің сайттарына, төлем жүйелеріне кіру, AppStore арқылы музыка жүктеу де бұғатталған. Барлық VPN қызметтеріне қол жеткізу толығымен дерлік бұғатталған.

Түркіменстан билігі интернетке кіруді үнемі шектеп, VPN арқылы сайттарды қарауға тыйым салады. Тыйымды бұзғандар жауап алуға шақырылып, айыппұл арқалайды.