Home Жаңалықтар Түркиялық шендінің ұлы журналист қазақ қызын өлтірген болуы мүмкін

Түркиялық шендінің ұлы журналист қазақ қызын өлтірген болуы мүмкін

Пекер видео жүктеп, онда Елдана Қаһарманды өлер алдында бір күн бұрын Толга Агар зорлағанын айтады.

0
4575

Түркия ІІМ бұрынғы басшысының ұлы қазақстандық студент Елдана Қаһарманды өлтірді деген күдікке ілінді.  21 жастағы қыздың мәйіті 2019 жылы наурызда  Элязыг қаласындағы өз үйінен табылған болатын.

Sözcü атты түрік газетінің жазуынша, әділет пен дамудың басқарушы партиясының депутаты Толга Агарға айып тағылды. Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ құру  бойынша тергеу назарына іліккен Седат Пекер осылай деп отыр. Пекер видео жүктеп, онда Елдана Қаһарманды өлер алдында бір күн бұрын Толга Агар зорлағанын айтады.

«Толга Агардың сүйіктісі бар. Бойжеткен жандармерияға  «Мені Толга Агар зорлады» деген. Қыз арыз түсірген. Кейін бұрынғы ішкі істер министрі Мехмет Агар тікұшақпен келіп, ұлын алып кеткен. Келесі күні қыз өлі күйінде табылды. Бұл өте түсініксіз, солай ма?», – деді Пекер.

Толга Агар өзіне тағылған айыпты мойындамады. Элязыг қаласы полициясы Елдана Қахарманның ондай арыз  жазбағанын хабарлады.

«Оқиға болған жерді тексеру, сондай-ақ куәгерлердің айғағына сәйкес, Елдана Қахарман асфиксиядан қайтыс болғаны анықталды. Қылмыстық іс 2019 жылғы 16 қазанда қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», – деп хабарлайды Cumhuriyet басылымы прокуратура хабарламасына сілтеме жасап.

Елдана Қахарман 2019 жылдың 29 наурызында қайтыс болған. Студент қыз Фырат университетінде оқып, жекеменшік «Kanal 23» телеарнасында журналист болып жұмыс істеген.