Түркиядан ең көп баспана сатып алатындар рейтингінде қазақстандықтар 6-орында
Түркия Статистика институты ресми сайтында елдегі тұрғын үй сатылымына қатысты соңғы мәліметтерді жариялады. Статистикаға сүйенсек, қазан айында 200 қазақстандық Түркиядан баспана сатып алған.
Статистикаға қарағанда, биыл қазан айында Түркияда үй сату өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 25,3 пайызға төмендеп, 102 мың шамасында болды.
Пәтерлер мен үйлердің е көп сатылымы өткен айда Ытамбұлда болған – 16,9 мың үй. Одан кейінгі орында Анкара – мұнда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 8,1 мың транзакция жасалған. Үшінші орында Анталия – 6,3 мың транзакция. Сондай-ақ шетелдіктерге баспана сатылғаны туралы деректер де жарияланды. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда сату көлемі де– 8,8%-ға төмендеді. Қазан айында Түркиядан барлығы 5,3 мың шетелдік баспана сатып алған.
Жылжымайтын мүлікті сатып алудың басым бөлігін Ресей Федерациясының азаматтары орындады – 2 мың транзакция. Екінші орында ирандықтар – 498 транзакция. Ирак азаматтары 310 үй мен пәтер сатып алды, Украина азаматтары – 216 болса, Германия азаматтары – 211-ге жеткен. Қазақстандықтар биыл қазан айында сатып алынған баспана саны бойынша алтыншы орында тұр.
Өткен айда біздің елдің азаматтары Түркияда 200 үй мен пәтер сатып алған. Шетелдік сатып алушылар арасында Түркияның ең танымал қалалары Анталия, Ыстамбұл және Мерсин болды. Бұған дейін қазақстандықтар үшін келесі жылы Түркиядағы демалыс бұдан да қымбатқа түсетіні хабарланған болатын.