Түркиядағы жер сілкінісінен кейін литосфералық тақталар үш метрге жылжыған
Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институты мамандарының айтуынша, Араб тақтасы Анадолы тақтасына қарағанда шамамен үш метрге жылжыған, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Институт президенті барлығы ондаған секундта болғанын түсіндіреді.
Зақымданудың жалпы көлемі кем дегенде 150 шақырымды құрайды.
Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 баллдық жойқын жер сілкінісі 6 ақпан күні таңертең болды.
фото: ernur.kz