Түркиядағы шахтада жарылыс болды

Түркияның шығысындағы Элязиг провинциясының Алачакая округінде шахтада жарылыс болды, деп хабарлайды IHA агенттігі. Жарылыс нәтижесінде шахта құрылымдары құлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, үйінділердің астында екі шахтер болған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Жарылыстың себептері әлі анықталған жоқ, оқиғаның егжей-тегжейлері нақтылануда.