Түркиядағы қандасымыз Құрманияз Жолшыға — 90 жыл

0

Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығында осыдан 70 жыл бұрын Ата жұрты Алтай, Тарбағатай, Баркөл өңірінен үлкен көшпен келген Қазақ қандасымыз. Ел ағасы болған Құрманияз Жолшының 90 жылдығына орай Орталық басшысы Ержан Уәйіс қабылдау жасады. Құрманияз Жолшының ұлы Ерол отбасымен, балаларымен бірге болды.

Бар өмірін ел азаттығы үшін күрескен Құрманияз Жолшы 1933 жылы Баркөл өңірінде туған. Кешегі шығыстағы солақай саясаттың кесірінен ел ұдере көшті. 1939 жылы Елісхан батырдың басшылығымен атақты Такламакан шөлін кесіп бағындырып, Тибет, Гималай тауларынан асып өтті. Үндістан жерінде 7 жыл қиындықпен тұрмыс кешті. Әрі, 1948 жылы Пакістанда тағы 5 жыл қалды. 1953 жылы бауырлас Түрік елінен пана тапты. Сол кездегі үкімет басшысы Адынан Мендереске алғыстары шексіз.
Топ басшысы Қамза Инанның інісі Қапас қажы ислам жолындағы діндар Шығыс Түркістанда қази, молда болған. Ыстанбұлға келгенен соң Түркияда жаңа өмір басталды. Көзі ашық, көкірегі ояу парасаты мол Қапас қажының ұлы Құрманияздың жергілікті халықтармен, сондай-ақ, ағайындар арасында зор құрмет беделге ие болды. Кәсіпкерлікпен айналысты. Өскен әулеттің ұрпақтары, ағайындары, Найман абыз Имыран, Шәріп Найман, Сүннет Қара, Жәлел Қамзамен бірлесіп пластик зауытын құрды. Осындағы Қазақ ағайындардың баласына жұмыс қолын берді. Сондай-ақ, мұнда тері фабрикалары ұйымдасты. Олардың басы қасында Мұхаммед Қылыш, Құнанбай Назір, Тоқтаубай, Шеризат Догуру, Бағыдат, Ақжол, Өмір Жігіт , Мәнсүр Тәйжі, Фазыл Топлы т.б., болды. Желгілікті бауырларымызға тері өндірісінің тәжірибелерін үйретті.
Құрманияз Жолшы өнегелі отбасы. Абдул Мәжит, Тұрғыт, Тұран, Ерол, Сема, Мұстафа, Сәдед, Еюуп есімді ұл-қыздары бар. Бәрі де жоғары білімді. Құрманияз қажы өзі құрған «Иене Итимат» пластик зауытын балаларына мұра етіп қалдырды. Қазір кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде. Құрманияз білімге өнерге жақын болды. Қазақстаннан келген ақын жазушыларды қарсы алды. Солардың бірі Қазақстанның халық жазушысы, Қырғызстанның халық ақыны, еңбек ері, ақын Мұхтар Шаханов. Мына тарихи суретте: Құрманияздың шаңырағы, 2005 жыл, Мұхтар Шаханов, Құрманияз, Найман Шәріп, профессор Абдулуақап Қара.
Ұлы Ерол әкесіне жақын болды. 1970 жылы Ыстанбұлда дүниеге келді. Мектеп, лицейді ары қарай Ескішеһирдегі Анадолы университетінің экономика факультетін тамамдады. Әкесі құрған зауытта еңбек жолын бастады. Кәсіпорын басшылығында болды. Бүгінде зауыттың құрылтайшыларының бірі. 2009 жылдан Ыстанбұл сауда палатасында 9 жыл, 2018 жылдан Ыстанбұл өндірісшілер палатасында кеңес мұшесі, кеңесші қызметтерін атқарды. Қауымдастықтың белсенді өкілдерінің бірі.
Ертолқын Гейратуллаһтың жетекшілігіндегі Қазақ – Түрік білім зерттеу орталығының орынбасары. Қоғам шығаратын «Қазақ елі» журналының авторы. Жолдасы, жан жары Сәуле Әзімбек Алматы менеджмент университетінің оқытушы, доценті, ғалым. Бетул, Зейнеп, Айшагүл, Әділхан, Арсылан есімді ұл-қыздары бар. Ұлдары Зейтұнбұрындағы Мұстафа Өзтүрік атындағы тхэквандо күрес үйірмесіне қатынасады.
Сондай-ақ, Ерол Иолшы бірнеше тілді ең бастысы Қазақ тілі – ана тілін жеттік меңгерген. Ыстанбұлда әділет сарайында Түркия Әділет министрлігінің қарарына сәйкес тілмаштық дәреже алу үшін, салтанатты түрде ант қабылдады. «Қандастарыма, заң аясында қоғамдық, адами көмек. Түркия әділетіне қызмет көрсету мақсатында осы міндетті мойындадым» — деді, ант берген Ерол Жолшы.
Үлкен шаһарда 300 дей адам ант берді. Құтты болсын! Ант беру шарасына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Түркия өкілі, Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы Ержан Уәйіс қатысты. Сонымен бірге Ыстанбұлдағы мәдени істердің бел ортасында Түркияның TRT-AVAZ телеарнасы әзірлеген «Алаш – ардақтысы Әлихан Бөкейхан» туралы деректі фильмінде Әлиханның рөлін осы Ерол Жолшы сомдайды.
Ержан Уәйіс
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері