Түркиядағы лаңкестік шабуылдан бес адам қаза тапты

0

Автоматтары бар үш террорист (олардың бірі – әйел) түрік аэроғарыштық компаниясы TUSAŞ ғимаратының кіреберісіне көлікпен барып, қол гранатасын лақтырды.

Шабуыл нәтижесінде үш адам қаза тауып, 14 адам зардап шекті, деп хабарлады ІІМ басшысы Әли Ерликая. Шабуылдаушылар жойылды.

UPD Ердоған Қазанда Путинмен кездесуде Анкарадағы шабуыл кезінде төрт адам қаза тапты деп мәлімдеді.

Кейінірек Әли Ерликая  қаза тапқандар саны беске, зардап шеккендер саны 22 — ге дейін өскенін хабарлады.