Түркияда зілзаладан қатты зардап шеккен аймақтың әкімі ұсталды
Түркияда жер сілкінісі кезінде ғимараттардың опырылуына байланысты Газиантеп қаласы Нұрдағы ауданының әкімі қамауға алынды.
Түркияда тәртіп сақшылары ақпан айында елді дүр сілкіндірген жер сілкіністері кезінде ғимараттардың жаппай қирауына айыпталып жатқан Газиантеп қаласындағы Нұрдағы ауданының әкімі Өккеш Кавакты ұстады, деп хабарлайды Turkiye басылымы.
Кавак өткен аптада ұсталған құрылыс төрағасы Юнус Кейдің серіктесі ретінде муниципалитеттегі құрылыс барысындағы міндетті тексеруді жүргізбеген.
Кавак алғашқы мәлімдемесінде жойқын жер сілкінісінде көптеген туыстарынан айырылғанын айтып, бұрын мердігер болғанын, бірақ әкім болғаннан кейін компанияны ағасына тапсырғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Түркияда құлаған ғимараттардағы ақауларға байланысты 8 адам қамауға алынғанын еске саламыз.