Түркияда жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 35 адамға жетті

0

Түркияда жер сілкінісінен 35 адам қаза тауып, 823 адам жарақат алды. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазіргі таңда 243 адам ауруханаға жатқызылды. 8 адам ренимацияда жатыр.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Измир қаласына барды.

6,6 балдық жер сілкінісі 30 қазан күні жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Жер дүмпуі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.

Жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтеріліп, бірнеше көшені су басқан. Измирде ондаған тұрғын үйдің қирағаны хабарланды.