Түркияда «Ұлы дала әйелдері» атты халықаралық сурет көрмесі ашылды

0
Ыстанбұлда Үскідар ауданы Алтүнзаде мәдениет сарайында «Ұлы дала әйелдері» тақырыбында халықаралық сурет көрмесі ашылды.
Көрмені Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы, Үскідар ауданы әкімдігі, «Сұлтан» журналының басшылығының қолдауымен ұйымдастырылды. Шарада Ыстанбұлдағы бірінші Қазақ консулы қызметін атақарған Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы Ержан Уәйіс, Үскідар аудан әкімінің орынбасары Зекария Шанлер құттықтау сөз сөйледі. Көрменің керме жібін Түркияның мәдениет және туризім министрынің бұрынғы орынбасары Осман Сезгін, Түркия оқу ағарту министрінің бұрынғы орынбасары Ахмет Еміре Білгілі, Әділет және даму партиясының алқа мүшесі, Қазақ қызы Рашида Зейнешқызы Юксел, консул Қанат Тұрыбаев, көрме ұйымдастырушының бірі Ардақ Қожатай, суретші Айтгүл Тасмағамбет кесті.
Қазақстаннан әкелінген майлы бояулы суреттермен Дүиежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ержан Уәйіс ана тұлғалардың тарихын жеке-жеке таныстырып, мағұлымат берді.
Көрмедегі ұлы дала әйелдері: Зере апа (1785-1873) Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбайдың анасы, Абайдың әжесі.
Домалақ ана (Нұрила) (1378-1456) Бәйдібек бидің жұбайы. Елдегі даулы мәселерді шешіп отырған. Шын есімі Нұрила. Аты ел ұранына айналған абыз аналардың бірі.
Айша бибі шамамен XI-XII –ғасырда өмір сүрген ару қыз. Тараз қаласы маңындағы күрделі архитектуралық әсем ескерткіш күмбездің иесі.
Тұмар – Томирис (ж.ж. 570-520) тарихтағы ірі тұлғалардың бірі. Бұл сақ патшайымы Томирис немесе Тұмар ханшайым көшпенділер өмірінде ғана емес әлемдегі ықпалды адамдардың бірі.
Ұмай ана – Түркі халықтарының пір тұтқан әйел тәңірі. Түркі жүрты ана ретінде бас иіп, табынып ұрпақтарының жебеушісі болып табылады.
Қызжібек – Қазақтың ең көне мұраларының бірі лиро-эпостық дастанындағы кейіпкер. «Қыз жібек» кино фильіміндегі Жібек рөлін Меруерт Өтекешова сомдайды.
Гауһар ана – XVIII –ғасырда өмір сүрген Қазақтың батыр қызы. Қазақ халқының тарихында өз Отанын қорғауда өшпес ерлік көрсеткен Қара Керей Қабанбай батырдың жан жары, Малайсарының қарындасы.
Алтай өңірінде «Ақ қатын» Алтай ханшайымы, «Ақ ханым» лақап атымен танылған батыр ана. Ел қорғаған батырлар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, ұшқыш Хиуаз Доспанованың сурет бейнелері жоғары шеберлікпен жасалынған. Портреттері көрменің төрінен орын алған.
Қазақстанда сурет, бейнелеу өнері саласындағы өнер қайраткерлері, белгілі суретшілер Зерде Бақытбек, Айтгүл Тасмағамбет, Әбдіғали Баяндин, Қайрат Зейірбекұлы, Манас Қожағұлов, Нұрбек Жәрдемов, Мүсапір Жанұзақтың суреттерін жиналғандар жылы қабылдап, жоғары бағасын берді.
Көрме ұйымдастырушылардың бірі, «Сұлтан» журанлының Бас редакторы Қарагөз Айдаш арнайы сөз сөйлеп, аудан әкімшілігі басшылығына Қазақтың ою-өрнекті естелік сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ, Ыстанбұл Бас консулы Нұриддин Аманқұлдың алғыс хаттары да табысталды.
Зейтұрбұрын ауданы Абай мектебіндегі домбырашылар үйірмесіне жетекшілік ететін, домбырашы, Түркістандағы Қазақ – Түрік университетінің түлегі, Ноғай жігіті Седат Шолақұлы ән шырқап, домбырада бірнеше күй орындады.
Көрмеде Ыстанбұлда тұратын Қазақ қандастар өкілі Фазыл Топылы, Абдулқайым Қарақол, Мұрат Теміз, Мехмет Әлім, Үскідар ауданы зиялы қауым өкілдері, Қазақстанан келген суретшілер болды.
Ержан Уәйіс
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері