Түркияда үйінділер астынан қазақстандық азаматтың денесі табылды
Түркияның Хатай провинциясында Қазақстанның бір азаматының денесі табылды. Қазақстандық құтқарушылар Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Іздеу объектісі — толығымен қираған алты қабатты үй, үйінді көлемі 18 мың м3.
Жедел ақпарат бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның бір азаматының денесі табылды, — деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Қаза тапқан қазақстандық — Әділ Қадырбеков
Бұл туралы жоғалған Алмат Құрмашевтің ағасы айтты. Жігіт жер сілкінісінен кейін бірден қайтыс болған.
Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.
Бұған дейін біздің құтқарушыларымыз осы нысанда Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын.
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz