Түркияда үйінді астында 16 күн жатқан 90 жастағы әже мен оның 70-тегі ұлы аман табылды

Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты таңғажайып оқиғалар әлі де жалғасуда.
Осылайша, желіде Түркияда зілзаладан кейін 384 сағат өткен соң 90 жастағы әже мен оның 70-тегі ұлы үйінді астынан аман табылғаны туралы ақпарат тарады.
Желідегі жазбада әзірге әжей мен оның ұлының Түркияның қай аумағынан табылғаны туралы нақты ақпарат ұсынылмаған.
Десе де онда: «Түркияда зілзаладан кейін 384 сағат өткен соң 90 жастағы әже мен оның 70-тегі ұлы үйінді астынан аман табылды» деп жазған автор.