Түркияда тереңдігі 15 метр болатын жұмбақ шұңқыр пайда болды (видео)

0

Түркияның Конья провинциясында тереңдігі 15 метрге жететін жұмбақ жер шұңқыры пайда болды. Шұңқырдың пайда болу себептері әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DHA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

DHA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркиядағы Конья провинциясының Карапынар ауылында тереңдігі 12-15 метр, диаметрі 100 метр болатын жұмбақ шұңқыр пайда болған. Агенттік ақпаратынша, Қарапынар тұрғындары мұндай құбылыстардың өздері үшін қалыпты жағдай екенін айтқан. Олар тек ауылға алғаш келген қонақтар ғана мұндай құбылысқа таң қалатынын жеткізген. Конья техникалық университетінің шұңқырларды зерттеу орталығының директоры Фетулла Арык «Анадолу» агенттігіне берген мәліметінде, шұңқырдың Түркияда 6 және 20 ақпанда болған жер сілкіністеріне еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

Айта кетейік, 6 ақпан күні болған Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты. Ал 24 ақпан күні кешке Түркияның орталық аймақтарында 4 баллдан жоғары тағы екі жер сілкінісі тіркелді.