Түркияда су тасқынынан 14 адам қаза тапты

0

Түркияда су тасқынынан 14 адам қаза тауып, бес адам із-түзсіз жоғалды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Меmurlar.net сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Шанлыурфада 12 адам, Адияманда екі адамның қаза тапқанын, 5 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

«Іздеу жұмыстарын таң атқанша жалғастырамыз. Сондай-ақ шығынды анықтау жұмыстары да басталды», — деді ол.

Басылым мәліметінше, 14 наурызда Шанлыурфада қатты жаңбыр жауған. Сел провинцияның әкімшілік орталығының бірқатар көшесі мен даңғылын басып қалған.