Түркияда қазақстандық мүсіншінің жұмысы қойылды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұровтың туындысы түрік қаласы Болуда қойылды. Бұл жөнінде Zakon.kz порталы хабарлайды.
Танымал түркі эпосы «Көроғылыға» арналған ескерткіш аттас халықаралық паркке орналастырылды. Салмағы 500 тонна биіктігі 70 метрді құрайтын алып мүсінді Түркияға бөлшектеп жеткізген. Ескерткішті дайындауды автор 2016 жылы бастаған.
Айта кету керек, Мұрат Мансұров – «Мәңгілік Ел» астаналық монументі мен Әлия Молдағұлова ескерткішінің, сондай-ақ, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Таразда бой көтерген монумент пен Қызылордадағы Батырхан Шүкенов ескерткішінің авторы. «Көроғылы» жобасының аннотациясын танымал ақын Олжас Сүлейменов жазған.
«ТЮРКСОЙ қолдауының арқасында біз ескерткішті орнатуды аяқтаймыз деп ойлаймыз. Бастапқыда да конкурс Болу қаласы әкімшілігі мен ТЮРКСОЙ ұйымының тікелей қатысуымен ұйымдастырылған болатын. Бұл халықаралық ашық конкурстың жақсы үлгісі болды», — дейді мүсінші.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ