Түркияда оқ тиген Қырғызстан азаматы хәл үстінде жатыр

0

Түркияның Habertürk басылымының хабарлауынша, 17 наурызда Измир қаласында белгісіз біреулер оқ атып, автокөлік ішінде отырған Қырғызстан азаматын жаралаған.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Эгей университеті ауруханасында ота жасалған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр деп хабарланды.

Бұл оқиғаға байланысты Измир прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, күдіктіге іздеу жариялаған.

Ресми ақпарат бойынша, Түркияда 25 мың қырғызстандық бар. Олар негізінен Стамбул, Анкара, Измир және Анталия тәрізді сияқты ірі қалаларда тұрады.

Азаттық