Түркияда ер адам 45 376 жылға сотталды
Түркияда онлайн-ферма ойынын жасаған ер адам 45 376 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ойынды қаржы пирамидасы ретінде құрып, инвесторларды алдаған.
Ойыншылар виртуалды сиырлар мен жабдықтарды сатып алу үшін нақты ақша төледі. Жобаның авторлары бұл қаржыны шынайы фермаларға инвестициялап, пайдасын қайтарамыз деп уәде берген. Көпшілікті сендіру үшін бірнеше көрнекі фермалар мен дүкендер де ашылды.
Алайда, бұл алаяқтық схема болып шықты. Жобаны ұйымдастырушы 280 миллион доллар жинап, салымшыларға біраз ақша қайтарып, сенімін нығайтты. Бірақ кейін ол Уругвайға қашып кеткен.
фото: abai.kz