Түркияда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған басқосу өтті

0
218

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолғаалынған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Білім беру саласының үздігі, ғалым, докторант Қуаныш Жұмабек 2018 жылдың 18 желтоқсанындаТүркия Республикасы Өмер Халисдемир университетінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған басқосу өткізді. Бас баяндамашы Қ.Жұмабек өз сөзінде тағылымы мол мақалада айтылған ауқымды жобалар мен Ұлы даланың жеті қырын кеңінен таныстырды. Өз тарихымызды жүйелеп қайта зерттеудің және Қазақстан жерінің әлемдік өркениеттегі орнын көрсетудің сәті келгенін атап өтті. Сонымен қатар Ұлы даланың бүкіл Түркі халықтарының киелі «Қара шаңырағы» екенін де баса айты.

Түркия

Іс-шараға Нийде қаласы әкімі мен 200-ге жуық студенттер, оқытушылар қатысты. Аталмыш университеттің Қазіргі түркі тілдері мен әдебиеттері бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Хикмет Кораш модератор болса, Анкара Хаджы Байрам Вели университеті докторанты Тургай Дүйен Қазақстанның тәуелсіздігі жайлы сөз сөйлеп, мақалада көрсетілген тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді.  Қ.Жұмабекке зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!

Түркия

Түркия

«Қамшы» сілтейді