Түркияда алғашқы Құрбан айт күні 16 мың адам жарақат алды

0

Түркияда Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 16 мыңға жуық адам жарақат алды.

Республикадағы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кожаның айтуынша, олардың көпшілігі құрбандық шалу кезінде алған жарақаттармен медициналық көмекке жүгінген.

«Құрбан-байрам мерекесінің бірінші күні құрбандық малдарын сою кезінде алған жарақаттарына байланысты ел ауқымындағы медициналық мекемелерге 16 мыңға жуық адам жүгінді», – деп жазды министр.

Ол Анкарада 1274 адам дене жарақатын алғанын, Стамбулда 840 адам, Измирде 416 адам зардап шеккенін айтты.

фото: dzen.ru