Түркияда 7,7 баллдық ең күшті жер сілкінісі болып, қалалар қирады
Түркияда елдің оңтүстік-шығысында болған қатты жер сілкінісінен кейін дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды, — деп мәлімдеді республика ІІМ басшысы Сүлейман Сойлу. Кем дегенде төрт провинция ғимараттары қирады.
Жер асты дүмпулерінің эпицентрі миллионнан астам тұрғыны бар Газиантеп қаласынан 26 км қашықтықта болды.
Палестина, Сирия, Ливан және басқа көрші елдерде де жер сілкінісі сезілді.
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz