Түркияда 21 жастағы қазақ қызының денесі табылды

0
49

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бастапқы деректер бойынша, жас қыз өз-өзіне қол салған

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Түркияда 21 жастағы қазақстандық студент қыздың денесі табылды, деп хабарлайды CNN Turk.

Басылымның мәліметінше, бойжеткеннің денесі Элязыгтегі үйінде ас бөлмеден табылған. Құрбысы бірден полицияға хабар беріп, жедел жәрдем шақырыпты. Оқиға орнына келген дәрігерлер қыздың көз жұмғанын айтты.

«Бастапқы тексеру нәтижесі бойынша, жас қыз өз-өзіне қол салған», – деп мәлімет берді түрік басылымы.

Қаза тапқан Елдана Қаһарман Фырат университетінде білім алып жүр еді, жергілікті Kanal 23 арнасында жұмыс істейтін. Қыздың денесін Қазақстанға жөнелту үшін әуежайға апарыпты.

Студенттің Youtube желісінде көпшілікке танымал жеке арнасы болған екен. Соңғы жүктеген видеосында бұдан бұрын түсірген роликтерін неге өшіріп тастағанын түсіндірген.



sputniknews.kz