Түркия Сирияда әскери операция бастайды — Ердоған — Жаһан
Түркия Сирияның солтүстігінде Евфрат өзенінен шығыс бағытта бірнеше күннен кейін әскери операция бастайды, — деп хабарлайды Reuters. Бұл туралы ел президенті Тайып Ердоған телеарна арқылы мәлімдеді.
Оның айтуынша, осы қадам арқылы саяси жол салып, одақтастықты нығайтуға болады.
«Біз Евфраттың шығыс бөлігіндегі сепаратистік террорлық топтардан тазарту үшін бірнеше күн бойы операция жүргіземіз. Біздің мақсатымыз АҚШ әскерлері емес», — деді Ердоған.
Түркияның оңтүстігіндегі шекара маңын Сирияның солтүстік шығыс бөлігін Күрдтер ұлттық қорғаныс жасақтары қорғайды. Түркия бұл ұйымды террорлық және Күрдістанның Жұмысшылар партиясының миллитаристері деп санайды. Өз кезегінде АҚШ ДАИШ-пен күресіп жатқан ұлттық қорғаныс жасағын қолдайды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz