Түркия шетелдіктер үшін шекарасын ашты — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркия үкіметі шетелдік туристер мен ел азаматтары үшін мемлекет шекарасын ашу туралы шешімге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Түркия

Бұл туралы «Анадолу» басылымында жазылды.

Десек те Иран үшін Түркияның құрлық шекарасы сол күйі жабық болып қалмақ.

Үкімет шешіміне орай әуе қатынасы арқылы жолаушылар тасымалын Түркияның денсаулық сақтау, сыртқы істер және транспорт министрліктері бақылайды екен. Түркия мен шетел азаматтары елге кірмес бұрын толығымен медициналық тексерістен өтулері шарт. 

Жаңа үкім мемлекеттік барлық аймағына таратылыпты. 

Атап кетерлік жайт, соңғы мәліметтерге сәйкес, Түркияда 174 023 коронавирус жұқтырған. 4 763 науқас індеттен көз жұмса, 147 860 человекаурудан айыққан.

stan.kz