Түркия президенті Назарбаевқа қоңырау шалды

Қысқа сілтеме алу
Назарбаев пен Ердоған бірін-бірі Құрбан айт мерекесімен құттықтаған
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
Әңгіме барысында, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтаған.
Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев қандай нөмірлі көлікпен жүреді?
Сондай-ақ Түркия мемлекет басшысы мен Қазақстанның тұңғыш президенті екі ел арасындағы стратегиялық ықпалдастықтың бірте-бірте нығайып келе жатқанын атап өтті.
Айта кетсек, телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болыпты.
Тағы оқыңыз: «Мемлекет бұған жол бермеуі керек»: Назарбаев ең үлкен қауіпті атады
sputniknews.kz