Түркия МК-84 отандық әуе бомбасын сынақтан өткізді

0
60

Түркияның Карапынар ауданына қарасты Конья аумағында орналасқан HABRAS әскери базасында отандық әуе бомбасы сынақтан сәтті өтті. Аталған оқиғаны Түркияның өндіріс және технология министрі Мұстафа Варанк арнайы бақылауға келген.

Бір тонналық әуе бомбасының дауысы да жойқын шыққан. Сонымен қатар темір араласқан бір метр қалыңдықтағы цемент қабырғаны оңай тесіп өткен.

Мұстафа Варанктың сөзіне сүйенсек, аталған әуе бомбасының жылдамдығы сағатына 1850 шақырымды көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан біраз уақыт бұрын салмағы 113 келі болатын әскери бомбаның басы сынақтан өткізілген. Бұл оқиғаны Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы бақылаған болатын.

«The Qazaq Times»