Түркия мемлекетіндегі жер сілкінісі туралы тың деректер белгілі болды
Түркия билігі жер сілкінісінің құрбанына 3703 адам айналғанын хабарлады. 22 286 адам жараланды.
Сирияда 1600-ден астам адам қаза тапты, тағы бірнеше мың адам зардап шекті. Сонымен қатар көптеген адамдар құлаған үйлердің үйінділерінің астында қалады. Атап айтқанда, Түркияда 6 мыңға жуық ғимарат құлады.
Құтқару жұмыстары екі елде де жалғасуда. Құтқару жұмыстарына және жер сілкінісінің зардаптарын жоюға Қазақстанды қоса алғанда 65 елдің өкілдері қатысады.
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz