Түркия Мәрмәр мен Қара теңіздерін біріктіретін канал сала бастады

0

26 маусымда Түркияның тарихында ең ірі инфрақұрылым жобасы басталғаны жарияланды. Жүк таситын кемелер жолын қысқартатын Қара теңіз бен Мәрмәр теңізін біріктіретін ірі су каналының құрылысы басталды.

Бұл шараның басталуына ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі қатысқанын «Анадолу» агенттігі хабарлады.

«Стамбұл» деген ат берілген Босфор бұғазын қайталайтын жаңа канал құрылысы 2028 жылға қарай аяқталады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жобасының құны алдын ала жоспарлау бойынша 15 млрд доллар болады деп жарияланған.

Президент Эрдоған екі теңізді біріктіретін канал салу мәселесін көптен бері көтеріп келеді. Оның айтуынша, бұл Стамбұл тұрғындарына көп жеңілдік әкеледі. Бірақ құрылыс қала экологиясына зиян әкеледі деп қарсылық білдіріп жатқан тұрғындар да көп.

Жаңа каналдың ұзындығы 45 шақырым, ең қысқа жері 240 метрді құрайды.

Бірақ бұл канал құрылысы халықаралық проблема туғызуы мүмкін. Себебі заңгерлер Босфор бұғазынан кемелердің өтуін реттейтін халықаралық Монтрё конвенциясының оған қатысы жоқ екенін айтады.

Басқа мемлекеттер мұны түрік билігін теңіз суларына иелік ету әрекеті деп сынап жатыр.