Түркі мемлекеттері бірыңғай әліпби құруды жоспарлап отыр

0
37

Түркі мемлекеттері бірыңғай әліпби құруды жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Түркияның Anadolu ақпараттық агенттігі.

«Тіл бірлігі процесін жеделдету және түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиге көшуі мақсатында бірыңғай әліпби құру жөніндегі Комиссия құрылды», — делінген хабарламада.

Бурса қаласында Түркі әлемінің жалпы әліпбиі бойынша семинар өтті, онда бірыңғай әліпби құру жөніндегі комиссия құру туралы шешім қабылданды.

Комиссияға түркі мемлекеттерінде тіл саясатымен айналысатын әрбір ресми құрылымның екі мүшесі кіреді.

Семинарға Мәдениет, тіл және тарих жөніндегі Жоғары Кеңестің басшысы профессор, доктор Мұхаммет Хекимоғлу және Әзірбайжанның ОТГ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хасан Хасанов қатысты.

Фото: politrus.com